Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

Басқарма туралы
«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы»

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының сенім телефоны: 50 84 12.
Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы басқарма бастығының қабылдау бөлмесінде орналасқан.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау және «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс тұрғындарына қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарын ұйымдастырады.

Курсқа оқуға тапсырыстар мына мекен жай бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден - 14.30-ға дейін) қабылданады: 090000, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116

Орал қаласы әкімдігі мен облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні өткен «Латын әліпбиіне көшу - ұлттық мүдде» тақырыбындағы дөңгелек үстелде облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Г.Альжанова күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша ғалымдармен және сала мамандарымен ой бөлісті.

2017 жылдың 20 қыркүйегі күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде өткен «Латын әліпбиіне көшу - жаһандану талабы» атты дөңгелек үстелде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Г.Әлжанова «Латын әліпбиіне көшу – жаһандану талабы» тақырыбында баяндама жасады.

2017 жылдың 19 қыркүйегі күні «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясында Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Г.Әлжанова «Рухани жаңғыру және латын әліпбиіне көшу мәселелері» тақырыбында партия мүшелерімен пікір алмасты.

Облыстық ономастикалық комиссияның соңғы отырысында 24 көше мен 1 шағынаудан атауын өзгерту мәселесі қаралып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға комиссия қорытындысы жолданды. 

2017 жылдың 15 қыркүйегі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының  мемлекеттік тілді латын графикасына көшірудің мәселелерін талқылауға арналған Бірыңғай Республикалық күні шеңберінде өткізген алқалы жиынында БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Г.Әлжанова «Латын әліпбиіне көшу - уақыт талабы» тақырыбында баяндама жасады.   

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру тапсырысы негізінде «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында «Бала тілі - бал» облыстық байқауын өткізді. Бұл шараға облыс аудандарынан және Орал қаласынан 17 тәрбиеленуші қатысты. 

Бүгін 2017 жылдың 14 қыркүйегі күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Сырым ауданы, Өлеңті ауылында ономастика мәселесіне қатысты жиын өтті. Жиын барысында Өлеңті ауылындағы қосарланған көшелер мәселесі талқыланды. Жиында тұрғындардың көкейтесті сұрақтарына жауап берілді.

Бүгін, 2017 жылдың 12 қыркүйегі күні, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Бөрлі ауданында «Ономастиканың және латын графикасына көшудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, аудан жұртшылығына аталмыш мәселелер бойынша кеңінен түсінік жұмыстар жүргізілді.

2017 жылдың 11 қыркүйегі күні, Шыңғырлау ауданында өткен аудан активіне Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Г.Әлжанова қатысып, «Қазіргі тіл саясаты: Ономастиканың және латын әліпбиінің өзектілігі» тақырыбында аудан тұрғындарымен ой бөлісті.

2017 жылғы 25 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен «Еуразия әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университетінің мәжіліс залында дәстүрлі облыстық «Үздік аудармашы» байқауы өтті. 

FaLang translation system by Faboba