Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы  https://publicbudget.kz

Бюджеттен бөлінетін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікірлерді жинау және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сыртқы ресурстағы сервис. Бұл бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманың халықаралық жастар байқауына қатысуға шақырады.

Байқау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің (Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан), сондай-ақ БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР) қатысушы-елдерінің жастарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбына плакаттар мен бейнероликтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнаманы дайындау ұсынылады.

«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін

ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Орал қаласы 2018 жылғы 14 қыркүйек

1. Кіріспе бөлім

Талданатын объекті туралы мәлімет:

«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй.

2018 жылғы 22 ақпанда Транспаренси Интернешнлдің 2017 жылғы Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі ресми жарияланды, оған сәйкес Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемнің 180 елдерінің арасында 122 орынды иеленіп, 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартты.

Транспаренси Интернешнл барлық әлем бойынша сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне зерттеу жүргізетінін және осы жылы бағаланған елдердің саны 180-ге дейін өскенін атап өткен жөн.

FaLang translation system by Faboba