Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

Басқарма туралы
«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы»

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының сенім телефоны: 50 84 12.
Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы басқарма бастығының қабылдау бөлмесінде орналасқан.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау және «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс тұрғындарына қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарын ұйымдастырады.

Курсқа оқуға тапсырыстар мына мекен жай бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден - 14.30-ға дейін) қабылданады: 090000, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116

Ағымдағы жылдың 6-27 қыркүйек аралығында облыстық және облыс орталығындағы аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» тақырыбында практикалық семинарлар ұйымдастырылды.

Дәл осындай практикалық оқыту семинарлары қыркүйек айынан бастап облыстық мәдениет басқармасының Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханасы, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Орал қалалық прокуратурасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалы қызметкерлері үшін (310 адам) өткізіліп келеді. Барлығы 9 тақырыпты қамтыған аталмыш семинарлар қараша айларында аяқталады.

Аталмыш семинарды Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында өткен 72 сағаттық республикалық оқыту курсының сертификат иегерлері, тренерлер Г.Алғазы, Ж.Джумагалиева, А.Сагатбаева, А.Тасимова, А.Сабырова, Д.Аймурзиева өткізіп келеді.

FaLang translation system by Faboba