Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

Басқарма туралы
«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы»

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының сенім телефоны: 50 84 12.
Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы басқарма бастығының қабылдау бөлмесінде орналасқан.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау және «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс тұрғындарына қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарын ұйымдастырады.

Курсқа оқуға тапсырыстар мына мекен жай бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден - 14.30-ға дейін) қабылданады: 090000, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116

2019 жылдың 24 қазан күні облыстық тілдерді дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты тіл форумына қатысты.

Тіл форумында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында көрсетілген мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Форум аясында әрбір облыстың мемлекеттік тіл саясатын жүргізу, соның ішінде латын әліпбиіне көшу бағытында жасалған жұмыстарын таныстыратын көрме ұйымдастырылды.

БҚО тілдерді дамыту басқармасы аталған көрмеде латыннегізді қазақ тілін үйренуге, оқытуға арналған әдістемелік құралдар мен ересек азаматтарға мемлекеттік тілді үйренуге арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар, компьютерлік бағдарламаларды қатысушылар назарына ұсынды. («Цифрлы әліппе» арнайы электронды интерактивті – ақпараттық жүйесі, пайдаланушыға арналған әдістемелік нұсқаулық, «Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым» авторы Б.Жексенгалиев, «Қазақ тілінен көмекші құрал. Грамматика + Практика» авторы А.Абдульманов, «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері», «Ағылшын тілі бойынша әдістемелік құрал», «Латыннегізді қазақ тілі емлесі ережелерін оқыту бойынша 9-сағаттық курсының дидактикалық материалдары, БҚО бойынша 1991-2019 жылдары өзгертілген әкімшілік-аумақтық бірліктер және олардың құрамдас бөліктері туралы анықтамалық, «Латын керуені» семинар-тренингі материалдары, «Латын Фест» жастар форумының материалдары, тақырыптық бейнероликтер, «Латын әліпбиін бірге үйренейік!» атты бейнесабақтар және имидждік өнімдермен үлестірмелі материалдар).

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да басқарманың көрмесімен танысып, оң бағасын берді.

Сондай-ақ, басқарма Форум қатысушыларына арналған «Латын әліпбиін бірге үйренейік!» акциясын өткізді. Форумның «Өңірлердегі тілдік ахуал» атты пікір алаңында барлық өңірдегі мемлекеттік тілге қатысты өзекті мәселелер ортаға салынды. Соның ішінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева өңірдегі тіл саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндама жасады.

Форум аясында түскен ұсыныстары негізінде 2020-2025 жылдарға арналған «Мемлекеттік тіл және Қазақстан халқының тілдері» мемлекеттік бағдарламасының жобасына ұсыныстар жинақталды.

FaLang translation system by Faboba