Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 10-тармағына сәйкес 2019 жылдың 11 айы бойынша басқармаға келіп түскен арыз-өтініштерге талдау жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі №401 қаулысымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласындағы ұлттық сана, үштілділік және латын әліпбиіне көшу талабы бағытындағы мәселелерді іске асыру мақсатында облыста жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың үшінші кезеңіне негізделген іс-шаралар жоспары 4 мақсатты бағыттан тұрады.

2018 жылы Тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі №401 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» және Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларындағы ұлттық сана, үштілділік және латын әліпбиіне көшу талабы, ұлттық құндылықтарды сақтау бағытындағы мәселелерді іске асыру мақсатында жыл бойы жоспарлы жұмыстар атқарды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың үшінші кезеңіне негізделген іс-шаралар жоспары 4 мақсатты бағыттан тұрады.

«Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы азаматтардың хабардарлық деңгейін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу» жобасының сараптамалық есебі. – Орал, 2018.

Есепке Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы аясында «Еуразия» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу орталығы қоғамдық бірлестігі жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде дайындалған жиынтық талдама баяндамасы енді.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, басқа нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру бойынша әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалар жүргізу, тілдік жағдай туралы аналитикалық материалдарды жинақтау» жобасының сараптамалық есебі. – Орал, 2018.

Есепке Батыс Қазақстан облыстық тілдер дамыту басқармасы тапсырысы аясында «Еуразия» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығы қоғамдық бірлестігі жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесінде дайындалған жиынтық талдама баяндама енді.

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласындағы ұлттық сана, үштілділік және латын әліпбиіне көшу талабы бағытындағы мәселелерді іске асыру мақсатында облыста жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың үшінші кезеңіне негізделген іс-шаралар жоспары 4 мақсатты бағыттан тұрады.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда 2017 жылдың 9 айында жүйелі жұмыстар атқарды.
Елбасының 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген бірінші бағыт - мемлекеттік тілді меңгерту.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы мен Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын орындауда 2017 жылдың І жартыжылдығында жүйелі жұмыстар атқарды.

Елбасының 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген бірінші бағыт - мемлекеттік тілді меңгерту.

Мақсатты индикаторға сәйкес облыс бойынша қазіргі таңда мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде меңгерген ересек адамдардың үлесі 80%-ды құрады.

«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасына» сәйкес 2016 жылы іргелі жұмыстар жүргізілді.  

Мемлекеттік мекемелердің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 99,8 пайыз болса, 2016 жылдың қорытындысы бойынша  бұл көрсеткіш 99,8 пайызды құрап отыр. Облыс бойынша мемлекеттік тілді білетін тұрғындардың үлесі бүгінгі таңда 75% құрайды.

Ономастика саласындағы жұмыстар тарихи атауларды ретке келтіру, облыс аумағындағы топонимикалық атауларды лексика-грамматикалық нормаларға сәйкестендіру, көрнекі ақпарат тілін реттеу бағытында жүргізілді.

Елбасының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында Үкіметтің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысымен бекітілген «2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайту, тарихи атауларды ретке келтіру, облыс аумағындағы топонимикалық атауларды лексика-грамматикалық нормаларға сәйкестендіру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіп келеді.

FaLang translation system by Faboba