Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

Басқарма туралы
«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы»

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының сенім телефоны: 50 84 12.
Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабы басқарма бастығының қабылдау бөлмесінде орналасқан.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау және «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру мақсатында облыс тұрғындарына қазақ және ағылшын тілдерін оқыту курстарын ұйымдастырады.

Курсқа оқуға тапсырыстар мына мекен жай бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-ден - 14.30-ға дейін) қабылданады: 090000, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116

2016 жылғы «23» қарашадағы №346

Батыс Қазақстан облысы

әкімдігінің қаулысымен

бекітілген

«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 

1. Жалпы ережелер

1. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіл саясатын жүргізу саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.  

2. «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

FaLang translation system by Faboba