Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасында (әрі қарай – Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу Ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Басқармаға түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету функциялары әкімшілік бөліміне жүктелген.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының «Азаматтардың өтініштері» электрондық базасында 2017 жылы жеке тұлғалардан 128 өтініш, ал заңды тұлғалардан 3 өтініш тіркелді. Өтініштердің 128-ін арыздар, 1-ін ұсыныс, 2-ін сұрау сауал құрайды.

(2015.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) арыз - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы
Азаматтарды қабылдау кестесі

Аты-Жөні, Тегі

Лауазымы

Қабылдау күндері

Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы

Сәрсенбі
15.00-17.00
Жұма
15.00-17.00

FaLang translation system by Faboba