Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

Об управлении
«Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков»

Телефон доверия Западно Казахстанского областного управления по развитию языков 50 84 12.
Книга контроля за этикой государственных служащих находится в приемной начальника управления.

Западно -  Казахстанское областное управление по развитию языков с целью реализации культурного проекта «Три единства языков» организует бесплатное курсы по обучению государственного и английского языков для жителей области.

Заявки на курсы принимаются в рабочие дни с 9.00 до 18.30 часов  (обеденный перерыв с 13.00 до 14.30) по адресу 090000, г.Уральск, ул. Х.Чурина, 116

Әлемдік кеңестікті шолу жолындағы еркіндіктің кепілі үш тілді жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілер бақ сынады.
Дәстүрлі тіл фестивалі мен "Болашақка бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бүгін Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында "Тіл шебері-2018" байқауы өтті. Байқауға Орал қаласы мен Ақжайық, Сырым, Қаратөбе, Зеленов аудандарынан 18-30 аралығындағы үш тілді жетік меңгерген әр түрлі санаттағы 12 үміткер қатысты.
Байқаудың салтанатты ашылуында сөз алған басқарма басшысы А.Мыңбаева үштілділік пен бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың маңызы жайында түйін түйіп, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Байқауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Нұртазин, "Нұр болашақ" оқыту орталығының мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі П.Сырымова, Орал газ, мұнай, салалық технологиялар колледжінің оқытушысы А.Куспаковалар қазылық етті.
Үміткерлер үш кезеңдік тапсырмаларды орындады: бірінші кезеңде қазақтың салт-дәстүрлері туралы тақырыптарға мемлекеттік тілде презентация жасаса, екінші кезеңде берілген тақырыптар бойынша орыс және ағылшын тілдерінде әңгімеледі. Үшінші кезеңде үш тілде жаңылтпаш айтып сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесі Бөрлі ауданы әкімдігінің бас маманы Қалниязова Әсемгүлге бұйырса, 1, 2, 3 - орындарды Асмақова Ақкербез, Тәжібаев Серікбол, Бикеева Қызғалдақ бөлісті.

FaLang translation system by Faboba