Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді дамыту басқармасы

Западно-Казахстанское областное
Управление по развитию языков

Сейфолла ( Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ): Қызмет

Сұрақ:

Сәлеметсіздер ме? Сіздің мекемеде бос мемлекеттік лауазымға жұмысшы керек пе? В корпусы бойынша. Мамандығым қазақ тілі 

Жауап:

Құрметті Сейфолла!

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасында бос лауазым жоқ.

Бос лауазым болған жағдайда мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс өткізу кезінде хабарландыру басқарманың және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылатындығын қаперіңізге саламыз.

 


11.09.2017
Қайрат ( Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ): Аты-жөнді жазу туралы

Сұрақ:

Қазіргі уақытта мемлекеттік мекемелерде басшы,мамандардың аты-жөні құжаттарда, маңдайшаларда жеке куәлігінде қалай жазылса, солай жазылады, яғни көбінесе орыс тілінде жазылады.Осы дұрыс па, қандай Заңмен реттеледі?

Жауап:

Құрметті Қайрат мырза!

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы Сіздің «Аты-жөнді жазу туралы» сауалыңызды құптарлық мәселе деп есептей отырып, төмендегіні хабарлайды.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 20-бабында «Кісі есімін, әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келуі тиіс»- деп  көрсетілгендіктен,  меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердегі лауазымды тұлғалардың аты-жөндері әркімнің төлқұжатындағыдай жазылуы тиіс.

 


15.02.2017
Powered by Phoca Guestbook

Отправить сообщение
 

Изображение Captcha


FaLang translation system by Faboba